Әр түрлі

Қазанның 14-і – Дүниежүзілік стандарттау күні



 

Жергілікті стандарттарды қадағалау өкілдері өткен 9 айда өңірдің бірқатар кәсіпкерін тексеріп, біразына айыппұл салыпты. Сөйтіп, талапқа сәйкес келмеген 15 млн теңгенің тауарын сатуға шектеу қойған. Мамандар бүгін іскерлерді аталған саладағы соңғы өзгерістермен таныстырды. Сондай-ақ, техникалық реттеу заңын түсіндіріп, стандарттау жоспарын іске асырумен Қазақстан стандарттау институтының облыстық өкілдігі де айналысады. Бұл құрылым осыдан 5 жыл бұрын пайда болған. Филиалдың жетекші маманы Гүлім Игасанова жалпы 66 мың 199 нормативтік құжатпен жұмыс істейміз дейді. Жиын барысында Дүниежүзілік стандарттау күні жайлы да айтылды. Бұл мейрам 1970 жылғы қазанның 14-інен бастап аталып өтеді екен. Мерекеге орай бірқатар қызметкерлерге марапаттау қағаздары мен алғыс хаттары табыс етілді.

Данаш Хамзина