Кеден

1 млн доллардың контрабандалық тауары


 

Бұл вагондармен құрылысқа қажетті заттар тасымалданады. Бірақ Солтүстік Қазақстан көлік прокурорларының комиссиялық тексерісі барысында екі вагонның ішінен 191 орамаға салынған киім-кешек табылған. Тәркіленген заттардың тауар-тасымалдау құжаттары  транзиттік декларацияға сәйкес еместігі анықталған.

 Нұрболат Қатуов, Солтүстік Қазақстан көлік прокуроры:
-Шілденің 31-і күні күдік бойынша екі вагон тексерілді. Тасымалдау құжаты бойынша бұл вагондарда құрылыс заттары бар деп көрсетілген. Алайда комиссиялық қарау кезінде бұл вагондарда халық тұтыну заттары екендігі анықталды, яғни бұл әр түрлі  киімдер, джинса өнімдері, қолғаптар.

Киім-кешек Қытайдан Көкшетау қаласында тіркелген шаруашылық субъектісінің атына жеткізіліп отырған. Енді осы іске қатысы бар деген контрабандашылардың үстінен қылмыстық іс қозғалып, тәркіленген заттар мемлекетке өткізілмек.

 Нұрболат Қатуов, Солтүстік Қазақстан көлік прокуроры:
– Осы факт бойынша Солтүстік Қазақстан прокуратурасы   ҚР Қылмыстық кодексінің 209-бабының 2-бөлігінің «г» тармағымен қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын жүргізу үшін облыстық қаржы полициясының тергеу бөліміне тапсырылды.  

Жыл басынан бері мұндай ірі көлемдегі контрабандалық факт бірінші рет тіркеліп отыр.

Әспет Әбдірешова