Мәдениет

Суретші Александр Герасимовтың көрмесі

 

 

 

Бұл көрме алдағы 1 ай бойы петропавлдықтарды   қуантпақ. Экспозицияға қойылған 20 шақты туынды жерлесіміз  Александр Герасимовтың бір жыл бойғы еңбегінің жемісі. Олардың дені майлы бояумен жазылған. Бастапқыда қарындашпен сурет сала бастаған Александр көп ұзамай майлы бояуға көшіпті. 10 жылдан астам уақыт бойы суретші осы бағытты ұстануда.

Александр Герасимов, суретші:
Мен көрмеге қойылған суреттерім арқылы өзімнің ішкі дүниемдегі сезіміммен бөліскім келді. Майлы бояумен сурет салудың өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл бағытта жұмыс істейтін суретшінің мүмкіндігі де шектеусіз. Өз қиялыңды еш кедергісіз қағаз бетіне түсіруге болады.

Сондай-ақ суретші жергілікті режиссерлермен тығыз қарым-қатынас орнатып, спектакльдердің көркемдік мәнерін айшықтай түсуге де өз үлесін қосуда.

Тимур Кәрімжанов,  Н.Погодин атындағы орыс драма театрының көркемдік жетекшісі:
Александр Герасимов менің «Ассоль» атты қойылымымды безендірген болатын. Бұл көрме соның жалғасы. Суреттер өте қызықты және сәтті шықты деп ойлаймын.  

Көрмені тамашалаушылар табиғат көрінісі мен күнделікті құбылыстарды суретшінің көзімен көре алады.

Бұл көрмені түрлі-түсті деуге де болды. Ашық түстер кеңінен қолданылған. Және орынды деп ойлаймын. Өзімнің көңілімнен шықты.
Менің ойымша сурет өнерінде ең алдымен эмоцияға мән берілуі тиіс. Александр Герасимов өзінің картиналары арқылы адамдарды әртүрлі әсерге бөлей алады. Бұл өте маңызды.  

Бұл суретшінің туған күніне арналған дәстүрлі көрме. Келер жылы да қылқалам шебері жұртшылықты әсерлі туындыларымен қуантуды жоспарлауда.

Инеш Шоқақова