Құқық қорғау органдары

Қаржы пирамидасынан алданғандар көп

 

Шағын несие ұйымы қорға жүз мың теңге салып, бір ай ішінде бұл қаражатты 3 еселеуді ұсынған. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің бұл әрекетін тексерген Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады. Қазіргі уақытта қаржы пирамидасының 10 салымшысы полицияға шағым түсірген. Алайда филиалдан тәркіленген тізімге сәйкес салымшылардың саны 1000-нан астам. Бір әйел қаржы пирамидасына қажетті соманы салу үшін туысқандарына қарызданып, банктен несие де алған екен. Серіктестік өкілдерінен тәркіленген құжаттардан қаржы пирамидасының Солтүстік Қазақстан облысында заңсыз жұмыс істегендігі анықталды. Әділет департаменті қызметі күдік тудырған серіктестікті заңға қайшы бірқатар әрекеттері үшін тіркеуден бас тартқан болатын.

 Абай Оспанов, СҚО ІІД ҰҚҚКБ бөлім бастығы:
– Петропавлда 1000 астам азамат осы ұйымға 100 мың теңгеден 1 миллион теңгеге дейін салым салған. Олардың ішінде 50 шақты тұрғын 1 миллион теңгеден астам ақшаларын қаржы пирамидасына өткізген.

Қазіргі уақытта қаржы пирамидасының қызметіне байланысты  алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Инеш Шоқақова