Балалар

Жастар қолөнерді дамытуды қолдайды



 

 

Қазақстанда 130-дан аса ұлт өкілі өмір сүреді. Оларды байланыстыратын негізгі құрал -тіл. Дөңгелек үстелге жиналған жастар елімізде ұлттық мәдениет пен тілдерді дамыту бағытында өздерінің ойларын ортаға салып, ұсыныстарын жасады. Жастар мектептердегі тіл сабақтарының санын көбейту керек дейді. Олар бұл жерде қаладағы №17 мектептің ұстанып отырған бағыты тиімді дейді.

  Жәнібек Әлкин, “СҚО ауыл жастар одағы” корпоративтік қорының атқарушы директоры:
-Бүгін біз тілдерді, салт-дәстүрлер мен мәдениетті дамыту бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырып отырмыз. Мақсатымыз – Қазақстан көпұлтты болғандықтан өз дәстүрін әрі қарай сақтау бойынша, жас ұрпаққа өз ұсыныстарымызды жеткізгіміз келеді.

Ұлттық қолөнерді өскелең ұрпаққа насихаттап, көнеден келе жатқан кәсіпті жастарға үйретудің де маңызы зор.

  Ерғали Сәткенов, М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледждің еңбек пәні мұғалімі:
-Бізге көптеген туристер келеді. Олар елдеріне қайтарда Қазақстан жерінен сый-кәде алып кеткісі келеді. Олар біздің дәстүрлі бұйымдарымызды таба алмаған соң Қытай өнімдерін алады. Сондықтан біздікілер өнерді көтерсе.  

Халықтың қолөнерін жақсы меңгерген ұстаздарды ортақ іске тарту   қалтарыста қалып бара жатқан  өнерді дамытуға септеспек. Жастар маңызды тақырып төңірегінде жақсы ойлар айтқан сияқты, сөз жүзінде қалып қоймаса игі.

Гүлден Сәрсенбаева