МТРА жаңалықтары

ГТК мерейтойға әзірленіп жатыр

 

 

 


Владимир Ипполитов 1943 жылы 7 сыныптан соң  механикалық техикумға оқуға түседі. Оқумен қатар зауытта еңбек етеді. Бұл оның еңбек жолында тәжірибе жинақтауға септігін тигізді. Оқуын бітірген соң Орал қаласындағы  машина жасау зауытына жұмысқа кетеді.

 

Владимир Ипполитов:
-Нанның өзін талонмен беретін кезде мемлекет жастарды білімсіз қалдырмады. Қиын болды.
Түске дейін оқу, одан кейін зауыттағы жұмыс күтіп тұрды. Бірақ біз ерінбестен оқыдық та, жұмыс істедік. Оқуды бітіріп, Оралға жіберген кезде  мен міне ержеттім деп мақтанған едім.  


Владимир Ипполитов оқыған мамандық бір кездері металл өңдеуші деп аталыпты. Қазір ол заманға сай   машина жасау технологы деп аталады. Қазір бұл кәсіпті 300- ге жуық адам меңгеріп жатыр. 

Жандос Әбілғазин, гуманитарлық -техникалық колледж  студенті:
-Мен осы колледжде оқып жүргеніме ризамын. Тегін
оқимын. Егер практикадан өтетін болсақ, колледжде ол үшін база бар. Барлық қажетті құралдармен жабдықталған.


1942 жылдан бері мыңдаған жасқа 14 мамандықтың қыр-сырын үйретіп келе жатқан орта арнаулы білім беретін оқу ордасының тарихы айшықты оқиғаларға толы.   

 

Александр Мерк, гуманитарлық-техникалық колледж  директоры:
-Ленинградтан 16 сту
дент бірге келген. Қалғандары соғысқа аттаныпты. Біз мұрағатты қарай отыра, көптеген жәйттердің бетін аштық. 1942 жылы оқыған жастар Куйбышев атындағы зауыттың станоктарында еңбек етті. Олар 2-3 норманы     орындап отырған.


Осы жылдың қарашасында  80 жылдығын атап өтетін колледж ұжымының жоспары  көп.  Ал дәл мерейтой күні барлық түлектердің басын қосу көзделген.