Мандат

Дархан Нұртаев: Мені қазақ ауылдарының жағдайы алаңдатады

Дархан Малғаждарұлы — жас депутат. 7-ші сайлау округінен сайланған. Мамлют ауданындағы Бике ауылдық округіне үш ауыл кіреді. Олар: Бике, Октябрь және Дачное. Халқының саны көп емес, небәрі 500. Алайда, депутат мәселе көлемі тұрғындардың санына байланысты емес дейді. Ауылда шешілмеген түйткіл көп. Халық қалаулысы өткен жылы — 18, биыл 7 қоғамдық қабылдау өткізіпті. Көтерілген мәселелердің дені қоныстанушыларға қатысты. Депутатты қазақ ауылдарының жағдайы алаңдатады. Мәселен, Мамлют ауданында 23 мектеп болса, соның 3-еуі ғана қазақ мектептері екен. Оның өзінде әрқайсысында бала саны 70-80-нен аспайды. Ауылда негізгі жұмыс көзі — мектеп. Осы орайда мектеп пен ауылдың дамуы өзара тығыз байланысты дейді депутат. Дархан Нұртаев жуырда оқыту курстарына қатысыпты. Депутаттық жолды жаңа бастап жатқандықтан үйренетін нәрсе көп болды дейді. Сұхбат барысында депутат мәдениеті мен депутаттың әлеуметтік желі жүргізу мәдениетіне де тоқталдық.