Мандат

Бейбіт Сыздықов — «Ауыл» партиясы СҚОФ төрағасы

Ауылдағы ағайының әл-ауқаты. «Мандат» бағдарламасының кезекті қонағы — «Ауыл» ХДПП облыстық филиалының төрағасы Бейбіт Сыздықов. Азамат студияда елді мекендердегі мәселені жіпке тізді. Өзекті жайылым жер тақырыбы да қозғалды. Қазір тапшылық 29 млн гектарды құрап отыр. Бірақ, алдағы уақытта қажеттілік 50 млн гектарға дейін күрт өсуі мүмкін екен. Жерлесіміз жастардың жаппай ауылдан кетуі мен жол жағдайына да бөлек тоқталды. Ахуалды жақсарту үшін Бейбіт Сыздықов проблемаларды кешенді түрді қарастыру қажет дейді.