Мандат

Шынар Біләлова: Экомәдениет отбасыдан басталады

«Мандат» бағдарламасының кезекті қонағы — облыстық мәслихат депутаты Шынар Біләлова. Нәзікжанды депутаттыққа партиялық тізім арқылы өткен. Халық қалаулысы ағайынның басты мәселесімен танысып үлгерген. Ең бірінші кезекте жерлестерімізді республикалық жолдардың сапасы алаңдатады. Сондай-ақ, нан бағасы мен жайылым жер мәселесі де өңірде өткір тұр. Орман кодексінің нормалары да көп жағдайда сақтала бермейтін көрінеді. Бұл мәселелердің барлығын солтүстікқазақстандықтар ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ержан Бейсенбаевқа баян еткен. Еске сала кетейік, шілде айының басында азамат өлкемізге келіп, халықпен кездесу өткізген болатын. Ал Шынар Біләлова төрт ай ішінде 4 қабылдау өткізіпті. Қызылжар ауданының тұрғындары тегін берілетін дәрі-дәрмек уақытылы таратылмайтынын алға тартқан. Мәселе денсаулық сақтау басқармасынан медициналық мекемеге хат жолдау арқылы шешілген.