Мандат

Ауылдағы ағайынды не алаңдатады?

«Мандат» бағдарламасының кезекті қонағы — ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әсем Рахметова. Жауапты қызметке тыңнан тағайындалған жерлесіміз бағдарламамызда 1 айда атқарылған жұмыстарды жіпке тізді. Қысқа аралықта нәзікжанды Сенат қабырғасында бірнеше мәжілістің бірлескен отырысына қатысқан. Онда Әсем Қалашбайқызы Семей полигоны мен онлайн платформалар жайлы заң жобасын қарастыруға ат салысқан. Ал шілдеден бастап депутат аудандарды аралауда. Ауылдағы тұрғындармен кездесулер ұйымдастырылып, олардың мұң-мұқтажы тыңдалуда. Мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы бағамдалуда. Сондай-ақ, су тарту, жол салу сынды жұмыс сапасын бақылау ісі де басты назарға алыныпты.