Мандат

Депутаттыққа халыққа жақын адам келуі тиіс

«Мандат» бағдарламасының кезекті қонағы — облыстық мәслихат депутаты Мақсат Құдратуллаев. Биыл тұңғыш рет халық қалаулысы атанған азамат медицинадағы мәселелерді жіпке тізді. Бағдарлама барысында кадр тапшылығы мен мамандардың жүктемесі сөз болды. Одан бөлек ай сайынғы қоғамдық қабылдау жайлы айтылды. Мақсат Мадярұлының айтуынша мұндай жиында бірде-бір азаматтың мәселесі тыңдаусыз қалмайды. Мәселен, бүгінге дейін білікті дәрігер әрі депутат 4 қоғамдық қабылдау өткізген. Онда ағайын интернет, жол және су мәселесін көтерген.