Мандат

«Мандатта» мүмкіндігі шектеулі жандарды мазалайтын мәселелер қаузалды

«Мандат» бағдарламасының кезекті қонағы — Сәлімхан Сәбитов. Қалалық мәслихат депутаты 9-ші округтен сайланды. Халық қалаулысы Жұмысшы кенті, Береке ықшам ауданы мен сапаржай аумағы тұрғындарының бұйымтайын тыңдайды. Депутат бүгінге дейін 2 қоғамдық қабылдау өткізген. Кездесуге келгендердің дені — зейнет жасындағы жандар. Жерлестеріміздің басым көпшілігін үй мен жер мәселесі алаңдатады.

«Мүгедектігі бар жандарда мәселе көп», — дейді Сәлімхан Сәбитов. Қос дөңгелекті арбадағы жандардың кейбір әлеуметтік мекемелер мен автобустарға кіріп-шығуы қиын. Бұл мәселені депутаттар мен қала әкімшілігі бірлесе шешпек.

Мүмкіндігі шектеулі жандар жұмыс іздеп әбігерге түседі. Жоғары білімі бола тұра жерлестеріміз екі қолға бір күрек таба алмай жүр. Осы мәселені шешу мақсатында «enbek.kz» порталы құрылған. Платформада тегін курстар мен арнайы қолдау түрлері туралы ақпар бар. Нәтижесінде биыл екі солтүстікқазақстандық мүмкіндігі шектеулі жас өз ісін ашты.