Мандат

Қалалық мәслихаттың жұмысы

«Қала тұрғындарын біршама мәселе толғандырады». Мандат бағдарламасының кезекті қонағы — қалалық мәслихаттың төрағасы Арман Бердағұлов.

Қалалық мәслихат сессиялық жұмыстармен айналысады. Яғни, халық қалаулылары жиналып облыс орталығындағы мәселелерді жіпке тізеді, оларды шешу жолын қарастырады. Барлық жұмыстар жергілікті және өзін-өзі басқару заңына сәйкес жүргізіледі. Жалпы, қазіргі таңда қалалық мәслихатта 18 депутат бар.

«Бүгінгі күнге дейін екі сессия өткіздік. Біріншісі — ұйымдастыру сессиясы. Комиссия құрамы бекітілді. Төраға сайланды. Екінші сессия кезектен тыс қалалық әкімдіктің сұрауы бойынша өтті. Онда қалалық бюджет нақтыланды. Құрылыс саласына қатысты мәселелер көтерілді. Тұрғындарды толғандырған тариф тақырыбы да қозғалды»,- деді Арман Бердағұлов.