Мандат

Саяси жаңғырулар аясында мәслихаттар жергілікті өзін-өзі басқарудың негізгі буынына айналуға тиіс

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауынан.

Жақында Астанада ел Президентінің қатысуымен өткен кеңейтілген кеңеске алғаш рет мәслихат өкілдері шақырылды. Мемлекет басшысы жаңа реформаларды іске асырудағы халық қалаулыларының маңызды рөлін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі таңда ел халқының тек 53% мәслихаттарға сенетіндігін мәлімдеді. Оған жүргізілген арнайы сауалнама дәлел. Ағайын сенім артқан депутаттар қандай жұмыс атқарды? Жаңа шақырылымдағы халық қалаулылары бүгінге дейін қандай істің басын қайырды? Жоспарлары қандай? Осы және өзге де сұрақтардың жауабы — МТРК-ның жаңа «Мандат» бағдарламасында. Тың жобаның алғашқы қонағы — облыстық мәслихаттың депутаты Ербақыт Амантайұлы.


Өткен сайлаудан кейін облыстық мәслихат құрамының тең жартысы жаңарды. Барлығы — 30 депутат. Оның 15-і — бірмандатты, қалғаны партиялық тізім бойынша сайланды. Бүгінге дейін 2 сессия өтіп, алдағы жұмыстар жоспарланып, өзекті деген 8 мәселе қаралыпты.- Депутаттың жұмысы — атқарушы билік пен өкілетті билікті байланыстыру. Жұмыстарға түзету енгізіп, қолдау, — дейді облыстық мәслихаттың депутаты Ербақыт Амантайұлы.
Алдияр Айтпаев