Sailau banner

Заң

Заң шығаруға бастама жасау құқығы кімдерге тиесілі

Заң шығаруға бастама жасау құқығы Қазақстан Республикасының Президентіне, Құрылтай депутаттарына, Үкіметке, Қазақстан Халық Кеңесіне тиесілі. Бұл құқық тек Құрылтайда іске асырылады. Ауқымды өзгеріс енгізілген жаңа Ата заңның 60-бабында дәл осылай жазылған. Демек, халық қалаулыларына зор міндет жүктелген. Депутаттар Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жер-жердегі өкілдеріне де құлақ түруі керек. Арнайы тағайындалған лауазымды тұлғалар – азаматтарға әрдайым жақын жандар. Олар өзекті мәселерді жеткізеді, ел көлеміндегі маңызды өзгерістерді жалпақ жұртпақ жеткізеді.

НАТАЛЬЯ ҚОЖАБЕКОВА, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің СҚО бойынша өкілі:
– “Әлеуметтік осал топтағы адамдардың басын құрай отырып, сабақтар өткіземіз. Түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз. Мемлекет тарапынан қабылданып жатқан заңнамалар, жасалып жатқан жағдайлар туралы айтамыз”.

Байболат Култанов