Дене қызуының көтерілуі, ұзаққа созылатын жөтел, әлсіздік пен бұлшықеттің сырқырауы. Қазан айынан бері облыста 21 мыңнан астам адам жедел респираторлық вирустық инфекция жұқтырған. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда әлдеқайда көп. Науқастардың көбі – 14 жасқа дейінгі балалар. Вирус жұқтырған жандардың артуынан дәрігерлерге түсетін жүктеме де көбейді. Осыған байланысты көпбейінді облыстық балалар ауруханасында қосымша шаралар қабылданған.
ДАНИЯР БЕЙСЕМБАЕВ, көпбейінді облыстық балалар ауруханасы директорының орынбасары:
– “Негізгі ғимараттағы кезекші педиатрлардың санын 2 есеге көбейттік. Себебі, мамандарға түсетін жүктеме көбейді. Тіпті, түнге дейін жұмыс істейтін дәрігерлер бар. Төсек-орындардың 76 пайызы бос емес. Осы мүмкіндікті пайдаланып тұрғындарға үндеу жасағым келеді. Қазір жедел медициналық көмек көрсету тұрғысынан күрделі кезеңді бастан өткеріп жатырмыз. Сондықтан сабыр сақтауларыңызды сұраймын. Ауруханаға келген әр науқас міндетті түрде тексеріледі”.
Күрделі жағдайға байланысты көпбейінді облыстық балалар ауруханасының мамандары қосымша емдеу бөлімшесін ашуды жөн көрген. Ол вирусқа қарсы қауіпсіздік орталығында орналасқан. Айта кету керек, мамандардың сөзінше, инфекцияның көбеюіне ауа райы әсер етіп отыр.
ДАНИЯР БЕЙСЕМБАЕВ, көпбейінді облыстық балалар ауруханасы директорының орынбасары:
ауд, “Әдетте қараша айында облысқа қалың қар түсетін. Күн де суытатын. Негізі аяз вирусты өлтіреді. Былтыр осы уақытта инфекция жұқтырғандардың саны азайған еді. Биыл жағдай басқаша. Бірақ, біз бәріне дайынбыз”.
Түсірілім барысында тұрғындармен тілдестік. Оларға бізге инфекцияны жұқтырмас үшін не істеу қажеттігін айтып берді. Айта кетейік, бүгінде аймақта тәуекел тобына жататын 56 мың адам екпе алыпты. Дәрігерлер инфекцияны жұқтырмас үшін “С” дәрумені көп азық-түлікті көп тұтынуды ұсынады.
Нурасыл Ахмет
