Sailau banner

Білім

Өңірімізде “Soltustik Student Forum” республикалық студенттер форумы басталды

Қозыбаев университетінде «Soltustik Student Forum» республикалық студенттер форумы басталды. 10-нан астам жоғары оқу орны жастарының басын қосқан жиын екі күн бойы өтеді.

ТӨЛЕПБЕРГЕН ӘДІЛХАН, Қозыбаев университетінің басқарма мүшесі-әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры:
–  “Ең басты мақсат – бұл біздің Президентіміздің “Таза Қазақстан”, “Заң мен тәртіп”, “Адал азамат” және “Кітап оқитын ұлт” идеологемаларын осындай шаралар арқылы жастар арасында насихаттау және де университетімізді, өңірімізді басқа студенттерге көрсетіп, таныстыру”.

Форумға Қостанай, Көкшетау, Павлодар, Астана мен Қарағанды қалаларынан барлығы – 50-ге жуық студент келді. Форум қатысушыларына арналып семинарлар, шеберлік сабақтары мен зияткерлік ойындар өткізілді. Форумды ұйымдастырудағы мақсат -білім қуған жастардың ынтымақтастығын арттыру және өзара тәжірибе алмасу.

БАҚСҰЛТАН ЖАҚСЫБЕК, А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің магистранты:
– “Форум өте керемет болып жатыр. Жаңадан ашылған жатақхананы да көрдім. Барлық жағдайлар жасалған. Бұйырса, біздің қалада да осындай зәулім ғимараттар салынады деген сенімдемін.

Айта кетейік, форумның екінші күні қатысушылар Бурабайға саяхатқа аттанады. Теріскейде алғаш рет өткен республикалық студенттер форумы басқа өңірлерде де жалғасын таппақ.

Сандугаш Кайырбек