Қазір өңір жолдарында көктайғақ. Ал тайғақ жолда апатқа ұшырау қаупі артады. Осыған байланысты тәртіп сақшылары облыс тұрғындарын сақ болуға шақырады. Қазіргі уақытта облыс жолдарында көлік қозғалысына шектеу жоқ. Полицейлер қызметін штаттық режимде атқарып жатыр. Көктайғаққа байланысты жол-көлік оқиғалары тіркелмеген. Мамандар темір тұлпар иелеріне жылдамдықты төмендетіп, арақашықтықты сақтауға кеңес береді. Ал жаяу жүргіншілер жолдан өтерде сауысқандай сақ болғаны жөн.
ЕРБАҚЫТ ЕРЖАНОВ – СҚО ПД ППБ қызмет инспекторы:
– “Ауа райының нашарлауына байланысты жол қозғалысының барлық қатысушыларын барынша сақ болуға шақырамыз. Жазғы шиналарын қысқы шиналарға әлі ауыстырмаған жүргізушілерге мұны дереу жасауға кеңес береміз. Жылдамдық режимін сақтаңыз, көліктер арасындағы арақашықтықты ұлғайтыңыз және күрт маневр жасаудан аулақ болыңыз. Жаяу жүргіншілер де жолдан өту кезінде сақ болып, жарық шағылыстыратын элементтерді пайдалануы қажет. Алғашқы көктайғақты күтпей, өз қауіпсіздігіңізді алдын ала ойлаңыз”.
Улан Ыдырыс
