Sailau banner

Қоғам

Сапалы етіктер – Беларусь тауарларының жәрмеңкесінде

Қысқы аяқ киімге қойылатын талап жоғары. Ол аяқты жылы ұстап қана қоймай, жеңіл әрі ыңғайлы болуы қажет, сондай-ақ көктайғақта таймай, қауіпсіз жүруге мүмкіндік беруі керек. Жоғары талаптарға сай өнімдер Петропавлда өтіп жатқан Беларусь аяқ киімдерінің жәрмеңкесінде ұсынылды.

АННА ТРУФАНОВА, сатушы:

– “Жәрмеңкеде ерлер мен әйелдерге арналған Беларусь аяқ киімдерінің кең ассортименті ұсынылған. Қазір қысқы маусымға ерекше көңіл бөліп отырмыз: қалың етіктер, қысқа қонышты етіктер және басқа да үлгілер бар. Аяқ киімдер пішіні, материалы мен түсі жағынан алуан түрлі. Әр сатып алушы өз талғамына сай аяқ киім таңдай алады”.

Етіктерде анатомиялық ерекшеліктер де ескерілген. Атап айтқанда, табан сүйегі шығыңқы, аяғы жалпақ немесе табан күмбезі биік жандарға арналған аяқ киімдер бар. Қысқы үлгілердің табаны сапалы каучукен, жоғарғы бөлігі таза былғарыдан болғандықтан аяздың салдарынан жарылып кетпейді. Яғни, бұл аяқ киімдер сәнмен қатар, күнделікті жайлылықты ескере отырып әзірленген.

Белорустық аяқ киімдер жәрмеңкесі Жамбыл көшесі, 82А мекенжайы бойынша 3-ші желтоқсанға дейін жалғасады. Сатушылар талғампаз қала тұрғындарын таңғы сағат 10:00-ден кешкі 19:00-ге дейін күтеді.

Сандугаш Кайырбек