Sailau banner

Заң

Петропавл 2-ЖЭО-ға 4 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Өңірдің экологиясына бірден-бір әсер етуші компания – «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ. Ол 4 негізгі бөлімше мен еншілес ұйымнан тұрады. Соның ішіндегі Петропавл екінші жылу электр орталығына ерекше тоқталуымыз керек. Аталған қуат орны стационарлық көздерден шығатын зиянды заттардың басым бөлігін таратады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтылды.

АСХАТ МӘПЕНОВ, СҚО бойынша экология департаментінің бөлім басшысы:
-“2026 жылдың наурыз айында департамент “СевКазЭнерго” АҚ-ға қатысты тексеру жүргізді. Тексеру нәтижесінде 2026 жылдың тамыз бен қараша айлары аралығында кәсіпорын тиісті экологиялық рұқсатсыз №1 түтін-құбырын салу бойынша жұмыстар жүргізгені анықталды. Ластаушы заттардың шектен тыс шыққаны, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды толық емес орындағаны анықталды. Нәтижесінде “СевКазЭнерго” АҚ-ға 4 млн теңгеден астам айыппұл салынды”.

Нақтырақ айтсақ, қомақты айыппұл Петропавл екінші жылу электр орталығына салынған. Бүгінде толық көлемде өндіріліп алыныпты. Кемшілікті түзеу керек. Сол үшін кәсіпорын өкілдері шығындыларды азайту үшін арнайы жоспар әзірленген екен.

НИКОЛАЙ МАКСИМОВ, “СЕВКАЗЭНЕРГО” АҚ қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры:
– “2025 жылы Петропавл екінші жылу электр орталығына заманауи қолжетімді технологияларды енгізу бойынша жол картасы әзірленді. Құжат аясында түтін газдарын тазарту қондырғыларын жаңғырту көзделген. Жоспар толық орындалса, ауаға тарайтын зиянды заттардың көлемі жылына 4,5-4,7 мың тоннаға дейін азаяды деп күтілуде”.

Өндірістік қондырғыларды жаңғырту жеткіліксіз. Алдағы жылы кәсіпорын экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған өзге де жұмыстарды жалғастырмақ. Оның ішіне су жүйелерін жетілдіру, Белое көлін биологиялық тазарту және ағаш егу кіреді.

 

Аружан Султанова