Sailau banner

Қоғам

Мәслихат депутаттарының сайлауы күні облыста 543 сайлау учаскесі жұмыс істейді

Мәслихат депутаттарының сайлауына 4 күн қалды. Саяси науқанда облыс бойынша 543 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Оның 92-сі Петропавлда орналасқан. Өңірде барлығы 364 мыңнан астам адам дауыс беруге құқылы. Айта кету керек, облыста халық қалаулысы болуға 536 адам үмітті. Оның 45-і – облыстық мәслихатқа, 56-сы – қалалық мәслихатқа, 435-і аудандық мәслихатқа сайлауға түседі. Саяси шарадан кейін 177 адам депутат атанады.

САҒЫНДЫҚ РАХЫМЖАН, СҚО аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі:
– Ел үшін маңызды шараны ойдағыдай өткізу үшін аймақта 731 астам сайлау комиссиясы құрылды. Құрамында 4 мыңнан адам бар.

Нурасыл Ахмет