Sailau banner

Қазақстан жаңалықтары

Қазақстанда ЖРВИ жұқтыру жағдайлары өткен жылмен салыстырғанда азайды

Биыл қыркүйек айының басынан бері Қазақстанда ЖРВИ-дің 1 млн 500 мыңға жуық жағдайы тіркелді. Бұл өткен эпидемиологиялық маусымның сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28%-ға төмен. Тек соңғы аптада 133 мыңнан астам жағдай анықталды. Бұл өткен жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштен 2,7 есе аз. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова хабарлады. Оның айтуынша, зертханалық зерттеулер әртүрлі респираторлық вирустардың айналымда жүргенін растайды.

«Анықталған қоздырғыштардың ішінде риновирустар – 345, бокавирустар – 195 және аденовирустар – 189 жағдайдан тіркелді. Бұл ұқсас белгілердің әртүрлі вирустардан туындауы мүмкін екенін білдіреді. Сондықтан аурудың түрін өз бетінше анықтап, ем тағайындауға болмайды. Қажет болған жағдайда медициналық көмекке уақтылы жүгіну маңызды», – деді спикер баспасөз конференциясында.

Дереккөз: https://t.me/ortcom_kz/59613