Sailau banner

Қоғам

Облыс әкімі Оңтүстік Орал темір жолының бөлімшесінде болды

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавл қаласындағы Оңтүстік Орал темір жолының бөлімшесінде болды. Мұнда аймақ басшысы өңірдегі ірі ұйымдардың бірінің жұмысымен жан-жақты танысты. Аталған кәсіпорын көп жылдан бері аймақтың маңызды серіктестерінің бірі болып келеді. Бөлімше бірлескен бастамаларды іске асыруға қатысып, өлкеміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуда. 3,5 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылған. Кездесу барысында әріптестік байланысты одан әрі нығайту және Солтүстік Қазақстан облысының көлік инфрақұрылымы мен экономикасын дамытуға бағытталған бастамаларды жүзеге асырудың маңыздылығы атап өтілді. Өңір басшысы кәсіпорын басшылығы мен ұжымына кәсібилігі, адал еңбегі және сындарлы ынтымақтастығы үшін алғыс білдірді.

Байболат Култанов