Sailau banner

Білім

Мамлют ауданында агросынып ашылды

Маңызды жоба жалғасын тапты! Мамлют ауданының Новомихайловка орта мектебінде агросынып ашылды. Жабдықталған кабинет оқушыларды заманауи ауыл шаруашылығымен және саланың сұранысқа ие мамандықтарымен таныстыру үшін құрылған. Бастама мектеп, жергілікті кәсіпорындардың және Қозыбаев университетінің бірлесуімен жүзеге асты.

ЕЛЕНА БОБУХ, Новомихайловка орта мектебі директорының міндетін атқарушы, Мамлют ауданы:
– “Бұл біздің оқушылар үшін жасалған жаңа қадам. Олар осы агросыныпта білімдерін толықтырып, салаға деген құштарлықтары оянып, мамандық таңдайды деп ойлаймын. «Новомихайловское-2003» серіктестігіне алғыс білдіремін. Ауылымызда осы жоба серіктесіміздің қолдауымен жүзеге асты”.

Практикалық сабақтар үшін сынып арнайы зертханалық жабдықтармен қамтылған. Кептіру шкафы, диірмендердің үлгілері және түрлі анализаторлар бар. Осылардың көмегімен оқушылар зерттеу жүргізіп, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің ерекшеліктерін зерделей алады.

ЕЛЕНА СТЕПАНЕНКО, Мамлют ауданының әкімі:
– “Бүгінде ауыл шаруашылығына заманауи технологиялармен жұмыс істеуге қабілетті жас, сауатты, бастамашыл мамандар қажет. Олар инновациялардан қорықпай, уақыттың жаңа сын-тегеуріндеріне жауап беруі тиіс. Сондықтан кәсіптік бағдарлауды мектептен бастау өте дұрыс, өте қажет бастама. Агросынып заманауи аграрлық мамандықтармен терең танысуға көмектеседі, жастарға жол сілтейді”.

Бүгінде агросыныпқа 17 бала жазылған. Олардың барлығы – жоғары сынып оқушылары. Жоспар ауқымды. Жастарға мамандықтың қыр-сырын таныстыру үшін сабақтар мектеп қабырғасында ғана өтпейді. Басымдық тәжірибеге беріледі.

ВАДИМ БИККИН, Новомихайловка орта мектебінің оқушысы, Мамлют ауданы:
– “Мен мектепте агросынып ашылғанына қуаныштымын. Мұнда балалар ауыл шаруашылығымен танысады, заманауи жабдықтарды көрседі, технологияларды меңгереді. Болашақта өзім аталған салада еңбек етсем деймін. Алған білімімді, жинаған тәжірибемді келешекте туған ауылымның дамуына бағыттағым келеді”.

Салтанатты рәсім барысында Новомихайловка орта мектебі, “Новомихайловское-2003” серіктестігі және Қозыбаев университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Тараптар аграрлық білім беруді бірлесіп дамытуға және саланың болашақ мамандарын даярлау үшін жағдай жасауға ниетті.

АЙГҮЛ НҰРПЕЙІСОВА, М.Қозыбаев атындағы СҚУ академиялық мәселелер жөніндегі Басқарма мүшесі-проректоры:
–  “Облыста агросыныптардың саны әр ай сайын артуда. Айтатын болсақ, ертең біз Тайынша ауданына кезекті сыныпты ашу үшін барамыз. Жергілікті атқарушы органдардың бұл жобаға қызығушылығы қуантады. Маман мектеп қабырғасынан даярлануы тиіс. Бұл тұрғыда заманауи кабинеттің маңызы зор деп білемін”.

ВЯЧЕСЛАВ ЩЁГОЛЕВ, “Новомихайловское-2003” ЖШС басшысы, Мамлют ауданы:
– “Біз Новомихайловка орта мектебімен біраз жылдан бері тығыз байланыстамыз. Менің ойымша ауылдан түлеген әрбір жас туған жерінің дамуына үлес қосуы тиіс. Бұл кіндік қаны тамған жерге алғысы деп білемін. Ауыл шаруашылығы саласындағы негізгі мәселенің бірі – маман тапшылығы. Жыл артқан сайын адам саны азайып жатыр. Ал осындай жобалар проблеманы шешуге септігін тигізеді деп ойлаймын”.

Өңірімізде агросыныптар облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың тікелей тапсырмасы бойынша және Мал шаруашылығын дамытудың 5 жылдық кешенді жоспары аясында ашылып жатыр. Бүгінгі таңда 8 ауданда 9 арнайы кабинет жұмыс істейді. Жоба 150 оқушыны қамтыды.

var s; s=new String(“((Мамлют ауданында агросынып ашылды))

Маңызды жоба жалғасын тапты! Мамлют ауданының Новомихайловка орта мектебінде агросынып ашылды. Жабдықталған кабинет оқушыларды заманауи ауыл шаруашылығымен және саланың сұранысқа ие мамандықтарымен таныстыру үшін құрылған. Бастама мектеп, жергілікті кәсіпорындардың және Қозыбаев университетінің бірлесуімен жүзеге асты.

((ЕЛЕНА БОБУХ, Новомихайловка орта мектебі директорының міндетін атқарушы, Мамлют ауданы:
ауд: 073, 02:25 "Бұл біздің оқушылар үшін жасалған жаңа қадам. Олар осы агросыныпта білімдерін толықтырып, салаға деген құштарлықтары оянып, мамандық таңдайды деп ойлаймын. «Новомихайловское-2003» серіктестігіне алғыс білдіремін. Ауылымызда осы жоба серіктесіміздің қолдауымен жүзеге асты".))

Практикалық сабақтар үшін сынып арнайы зертханалық жабдықтармен қамтылған. Кептіру шкафы, диірмендердің үлгілері және түрлі анализаторлар бар. Осылардың көмегімен оқушылар зерттеу жүргізіп, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің ерекшеліктерін зерделей алады.

((ЛЮФТ: ЕЛЕНА СТЕПАНЕНКО, Мамлют ауданының әкімі:
ауд: 040, 03:56 "Бүгінде ауыл шаруашылығына заманауи технологиялармен жұмыс істеуге қабілетті жас, сауатты, бастамашыл мамандар қажет. Олар инновациялардан қорықпай, уақыттың жаңа сын-тегеуріндеріне жауап беруі тиіс. Сондықтан кәсіптік бағдарлауды мектептен бастау өте дұрыс, өте қажет бастама. Агросынып заманауи аграрлық мамандықтармен терең танысуға көмектеседі, жастарға жол сілтейді".))

Бүгінде агросыныпқа 17 бала жазылған. Олардың барлығы – жоғары сынып оқушылары. Жоспар ауқымды. Жастарға мамандықтың қыр-сырын таныстыру үшін сабақтар мектеп қабырғасында ғана өтпейді. Басымдық тәжірибеге беріледі.

((ВАДИМ БИККИН, Новомихайловка орта мектебінің оқушысы, Мамлют ауданы:
ауд: 062, 00:20 "Мен мектепте агросынып ашылғанына қуаныштымын. Мұнда балалар ауыл шаруашылығымен танысады, заманауи жабдықтарды көрседі, технологияларды меңгереді. Болашақта өзім аталған салада еңбек етсем деймін. Алған білімімді, жинаған тәжірибемді келешекте туған ауылымның дамуына бағыттағым келеді".))

Салтанатты рәсім барысында Новомихайловка орта мектебі, "Новомихайловское-2003" серіктестігі және Қозыбаев университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Тараптар аграрлық білім беруді бірлесіп дамытуға және саланың болашақ мамандарын даярлау үшін жағдай жасауға ниетті.

((АЙГҮЛ НҰРПЕЙІСОВА, М.Қозыбаев атындағы СҚУ академиялық мәселелер жөніндегі Басқарма мүшесі-проректоры:
ауд: 060, 01:09 "Облыста агросыныптардың саны әр ай сайын артуда. Айтатын болсақ, ертең біз Тайынша ауданына кезекті сыныпты ашу үшін барамыз. Жергілікті атқарушы органдардың бұл жобаға қызығушылығы қуантады. Маман мектеп қабырғасынан даярлануы тиіс. Бұл тұрғыда заманауи кабинеттің маңызы зор деп білемін".))

((ВЯЧЕСЛАВ ЩЁГОЛЕВ, "Новомихайловское-2003" ЖШС басшысы, Мамлют ауданы:
ауд: 056, 01:38 "Біз Новомихайловка орта мектебімен біраз жылдан бері тығыз байланыстамыз. Менің ойымша ауылдан түлеген әрбір жас туған жерінің дамуына үлес қосуы тиіс. Бұл кіндік қаны тамған жерге алғысы деп білемін. Ауыл шаруашылығы саласындағы негізгі мәселенің бірі – маман тапшылығы. Жыл артқан сайын адам саны азайып жатыр. Ал осындай жобалар проблеманы шешуге септігін тигізеді деп ойлаймын".))

Өңірімізде агросыныптар облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың тікелей тапсырмасы бойынша және Мал шаруашылығын дамытудың 5 жылдық кешенді жоспары аясында ашылып жатыр. Бүгінгі таңда 8 ауданда 9 арнайы кабинет жұмыс істейді. Жоба 150 оқушыны қамтыды.
“);
var l;lastIndex=0;

do{
s=s.replace(“((“, “
“);
l=s.indexOf(“((“,0);
}while (l>0);
l=0;
do{
s=s.replace(“))”, “

“)
;l=s.indexOf(“))”,0);
}while (l>0);
k4226402593.innerHTML=s;delete s;
Байболат Култанов