Петропавлдың төрінде қанат жайған ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесінде “Максимальный размах” компаниясы өнімдерін көпшілікке ұсынды. Әдеттегідей сұраныс жоғары. Тұрғындар мен қала қонақтары тағдамдардан дәм татып көрді.
Бұл – компания өнімдері жайлы халықтың берген шынайы бағасы. Дегустация кезінде тұрғындар круассан, субүйрек, тұшпарадан ауыз тиді. Тағамның дәмі таңдайдан кетпейді. Жоғары сападағы тағамдардың дәмі тіл үйіріп, тәбетті одан сайын аша түседі. Жәрмеңке кезінде халыққа жергілікті өнімдерді сатып алу мүмкіндігі ұсынылды. Бағалары қолжетімді. Сатып алушылар жетерлік. Халық сөредегіні жаппай алып жатты.
Ел мақтаған “Максимальный размах” компаниясы сонау 2003 жылдан бері солтүстікқазақстандықтарды өз өнімдерімен қуантып келеді. Кәсіпорын айына 300 тонна жартылай дайын тағам өндіреді. Тауар Қазақстанның басқа да қалаларына сатылады.
МАКСИМ КАЛИНИН, “Максимальный размах” ЖШС директоры:
– “Тұшпараға қосатын фарш өте сапалы. Ол таңдаулы сиыр етінен жасалады. Ал субүйрек дайындау үшін тек жергілікті картопты қолданамыз. Тағамдарымыздың сапасы жоғары. Қазақстан бойынша зор сұранысқа ие. Бұдан бөлек, біз хинкали, манты, круассан, орамжапыраққа оралған фарш сынды өнімдерді шығарамыз”.
Айта кетейік, “Максимальный размах” компаниясы қазір үйге жеткізу қызметін де ұсынады. Бүгінде кәсіпорында 300-ден астам адам еңбек етеді.
Улан Ыдырыс