Заң

СҚО-да «Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі» акциясы өтті

Жыл басынан бері өңірде 400-ден астам жол-көлік апаты тіркелді. Салдарынан 650-ге жуық адам жарақат алып, 34 адам көз жұмды. Қыс жақындай келе жол үстіндегі қауіп те еселей түседі. “Күндізгі жарық уақытының қысқаруы, көктайғақ пен тұман жол-көлік оқиғаларының артуына басты себеп”,- дейді тәртіп сақшылары. Осыған байланысты облыста “Заң мен тәртіп” қағидаты аясында “Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі” профилактикалық акциясы өткізілді. Басты мақсат – жол апаттарының алдын алып, жүргізушілерге сақтық шараларын тағы бір мәрте ескерту. Полицейлер мен прокуратура мамандары рөл тізгіндегендермен Оңтүстік бекетінде (Южный пост) түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

ОРАЗГЕЛДІ МҰСАФАР, СҚО прокуратурасы басқармасының прокуроры:
– “Бүгін “Заң мен тәртіп” тұжырымдамасын, “Айқын нәтиже”, “Саналы ұрпақ” жобаларын іске асыру және Жол картасын орындау аясында “Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі” профилактикалық акциясы өткізілуде. Жол жүрісі қағидаларын сақтау – жай ғана талап емес, адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғаудың маңызды шарты. Әрқайсысымыз жол қауіпсіздігі үшін жеке жауапкершілігімізді сезініп, өзгелерге үлгі болуымыз қажет. “Заң мен тәртіп” қағидаты әрқайсысымыздың жауапты мінез-құлқымыздың негізіне айналсын!”.

Жаннур Бектурганова