Білім

Қозыбаев университетінде Конституцияға қатысты тренинг өтті

Республика күніне орай Манаш Қозыбаев атындағы СҚУ-де студенттерге арналған тренинг ұйымдастырылды. “Отандастар” бастамашыл тобы тарих, экономика және құқық факультеті жастарының басын қосты. Кездесуде жаңа Қазақстан Конституциясының негізгі қағидалары түсіндіріліп, жастардың қоғамдық өмірге белсенді араласуы, волонтерлік қозғалыс пен қайырымдылық маңызы сөз болды.

ДЕНИЭЛ ЭДИЛОВ, қоғам белсендісі:
-“Бүгінгі тренингте Конституциямыздың негізгі ережелерін талқылап қана қоймай, студенттік көшбасшылыққа қатысты практикалық кейстерді де қарастырамыз. Сондай-ақ, жастардың азаматтық белсенділігі, волонтерлік қызмет пен қайырымдылықтың қоғамдағы маңызына тоқталамыз. Себебі, Жаңа Конституцияда да азаматтардың қоғам өміріне қатысуына, жауапкершілігі мен белсенді азаматтық ұстанымына басымдық беріледі”.

Жиынға қатысушылар ел болашағы білімді, белсенді әрі жауапкершілігі жоғары ұрпақтың қолында деген пікірді құптайды.

РАУАН ДӘУЛЕТ, студент:
– “Себебі, қазіргі таңда ҚР Конституциясында көптеген жаңа заңдар енгізілген болатын. Бұл еліміздің дамуына үлкен үлес қосады деген ойдамын”.

Бұдан бөлек тренинг барысында студенттер көшбасшылыққа қатысты практикалық тапсырмаларды орындап, өзара пікір алмасты. Жиынға қатысушылар мұндай кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, қоғамдық бастамаларға белсенді қатысуына ықпал ететінін атап өтті.

Улан Ыдырыс