Республика күні қарсаңында және “Заң мен тәртіп” тұжырымдамасы аясында М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжде “Республика эрудиті” атты зияткерлік сайыс ұйымдастырылды. Іс-шара барысында 80-ге жуық студент бақ сынасты. 5 топқа бөлінген ұл-қыздар Тәуелсіз Қазақстанның тарихы, мемлекеттік рәміздер мен Конституция төңірегіндегі сауалдарға жауап берді. Барлық тапсырманы дұрыс орындаған команда ойын соңында сыйлықтар мен дипломдарға ие болды.
ИРИНА ПОСКОДНАЯ, қатысушы:
– “Командамызға “Патриот” атауын бердік. Ұйымшыл ұжымбыз. Бірінші раундтың сұрақтарына мүдірмей жауап беріп, 20 ұпай еншіледік. Тапсырмалар қиын емес, ойын қызықты. Қазіргі жастарға өз елінің тарихын, Конституциясын жақсы білу үшін мұндай сайыстардың пайдасы өте зор деп санаймын”.
Жаннур Бектурганова