Білім

Жас тарихшылар мықтыны анықтады

Туған өлкені жан-жақты зерттеп, тарихи-мәдени мұраны сақтау. Петропавлда оқушылар арасында “Менің шағын Отаным” атты байқаудың облыстық кезеңі өтті. Сайысқа аудандық сында топ жарған кіл мықтылар келді. Тағылымы мол шараны “Қызылжар дарыны” орталығының мамандары ұйымдастырды.

БАҚЫТ ҒАБДУЛЛИНА, “Қызылжар дарыны” орталығының директоры:
– “110 оқушының ішінен 38-і облыстық кезеңге жолдама алды. Олар туған жерінің тарихы мен мәдени мұрасы туралы дайындаған жобаларын қорғады. Жеңімпаздар 31-қазанда Тараз қаласында өтетін республикалық кезеңге жолдама алады”.

“Халықсыз – тарих жоқ”, тарихсыз – халық жоқ” демекші кез келген мемлекеттің басты құндылығы – ол оның өткен жолы. Ал осы тарихты білу – өскелең ұрпақтың міндеті. Ойы жүйрік, алғыр, білімді оқушылар алдымен тест тапсырды. Онда ұл-қыздарға Қазақ хандығының құрылуы мен дамуы, ел басқарған тұлғалардың өмірбаяны және кескілескен шайқастар туралы сұрақтар келді. Келесі кезеңде қатысушылар өздері дайындап әкелген жобаларын қорғады. Аяна Табылды Айыртау ауданындағы Мәдениет орта мектебінен келген. Бұрымды тұратын ауылда Қарасай мен Ағынтай батырлардың мемориал кешені орналасқан. Ол тарихи нысан жайлы мағлұматтар жинапты.

АЯЛА ТАБЫЛДЫ, Мәдениет орта мектебінің 9-сынып оқушысы, Айыртау ауданы:
– “Қарасай мен Ағынтай батырлардың “Орбұлақ” шайқасындағы ерлігі жайлы зерттедім. Қос батыр Жәңгір ханды тұтқыннан құтқарып қалған”.

Байқауда 4 аталым бойынша үздіктер анықталады. Оқ бойы озық шыққандар өңір намысын республикалық додада қорғайды.

Нурасыл Ахмет