Ойы ұшқыр, пайымы терең, ізденісі мол жастардың сайысы. Қожаберген жырау атындағы №6 мектепте 30-ға жуық оқушының басын қосқан викторина өтті. Сайысқа шаһардағы тек қазақ тілінде білім беретін оқу орындарының ұл-қыздары қатысты. Әрқайсысы мектепішілік додада үздік атанған
АЙЫМГҮЛ ТАСЫМОВА, Қожаберген жырау атындағы №6 мектептің директоры:
– “Викторина 3 кезеңнен тұрады. Оқушылар Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы және география пәндері бойынша тапсырмаларды орындайды. Мектеп осы сияқты сайыстар жиі ұйымдастырылады. Осы арқылы бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелегіміз келеді”.
Алдымен оқушылар Тәуелсіздік, мемлекеттік рәміздер және жеткен жетістіктеріміз бойынша сұрақтарға жауап берілді. Келесі кезеңде қатысушылар жасырын тұлғаны тапты. Дәлірек айтсақ, ұл-қыздарға ел тарихында ойып тұрып орын алатын азаматтың өмірбаяны жайлы көмекші сөздер беріледі. Олар сол бойынша дұрыс жауапты табуы тиіс. Әзірше, әл-Фараби мектеп-лицейінің оқушылары басқаларынан оза шабуда.
ЖАСМИН БЕКБОЛАТ, әл-Фараби мектеп-лицейінің оқушысы:
– Алғашқы кезең оңай болды. Сұрақтарға жылдам әрі дұрыс жауап бердік. Командамыз да ұйымшыл. Тарихты оқығанды жаным сүйеді”.
Айта кету керек, викторина Республика күніне орай ұйымдастырылды. Сайыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Нурасыл Ахмет