Қоғам

Ұлттық ұлан өкілдері ұлықталды

25 қазан – Республика күніне орай Ұлттық ұланға қарасты 6637 әскери бөлімінің қызметкерлері салтанатты шара ұйымдастырды. Айтулы мерекеге арналған кеш Ақан сері атындағы облыстық филармония қабырғасында өтті. Жиында құттықтау сөздер айтылды, түрлі марапат табысталды. Өзінің жетістігімен көзге түскен мамандар мен сарбаздар ортаға шықты. Шара жергілікті өнерпаздардың концертімен жалғасын тапты.

 

АЗАМАТ ТІЛЕКТЕС, ҚР ҰҰ 6637 әскери бөлімінің аға сарбазы:
– “Ұлттық ұланға келген себебім – Отан алдындағы борышымды осы жерде өтегім келді. Қазір екінші атқыштар ротасында аспаз – аға сарбаз болып қызмет етемін. Қарауылдағы сарбаздарға тамақ дайындаймын”.

Улан Ыдырыс