Қоғам

СҚО-да тағы бір балабақша тәрбиешісі көз жұмды

Облыста тағы бір балабақша тәрбиешісі көз жұмды. Марқұм Тайынша көпбейінді ауданаралық ауруханасында жан тапсырды. Жамбыл ауданында еңбек еткен маман қазанның 15-і күні Петропавл мен Көкшетаудың арасында болған сұмдық жол-көлік оқиғасында ауыр жарақат алды. Дәрігерлер науқасқа 6 сағат операция жасады. Дегенмен, 57 жастағы жерлесіміз есін жимады. Осылайша апат құрбандары 4 адамға жетті. Қазіргі таңда абзал жандар 20 жастағы жүргізушіге жәрдем беруде. Оның жағдайы қалыпты деп бағалануда.

 

Байболат Култанов