Ғабит Мүсірепов атындағы балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Менің Республикам – менің мақтанышым!» атты квест-викторина өтті. Республика күніне орай ұйымдастырылған шараның шымылдығы домбыраның күмбірлеген үнімен ашылды.
Квест-викторина 4 команданың басын біріктірді: 3 ұжым – полиция қызметкерлері, біреуі – кітапхана мамандары. Бақ сынауға шешім қабылдаған 16 адамға Қазақстан тарихына, заңнамаға және мемлекеттік саясатқа қатысты сұрақтар қойылды. Олар сауалдардың күрделілік деңгейін өздері таңдады. Жауап бір минуттың ішінде берілуі тиіс.
МАРИЯ ВИЛКОВА, СҚО ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының аға инспекторы:
– “Бүгінгі шараға отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімі болып қатысып отырмыз. Біздің негізгі мақсатымыз – қоғамдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және әр отбасында өзара сыйластық пен амандықты қалыптастыру. Мұндай сайыстар маңызды, өйткені бәсеке білімімізді тексеріп, командалық бірлікті нығайтуға мүмкіндік береді”.
Сайыс соңында жиналған ұпайлар есепке алынады. Сол бойынша жүлдеге қол созатын командалар тізімі құрылады. Жалпы, Петропавлда жыл басынан бері «Заң мен тәртіп» бағыты аясында осыған ұқсас 150-ге жуық іс-шара өткізілген.
Сандугаш Кайырбек