Ауыл шаруашылығы

Петропавлда “Дала дәмі” жәрмеңкесі өтеді

Петропавлда 23-ші қазанда дәстүрлі “Дала дәмі” ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Қала тұрғындары мен қонақтары жергілікті өндірушілердің өнімдерін тиімді бағамен сатып ала алады. Жәрмеңке сағат 08:00-ден 14:00-ге дейін М.Жұмабаев көшесінде, Интернационалдан бастап, Абай көшесіне дейінгі аралықта өтеді. Сонымен қатар, мал азығы да саудаға қойылады. Абай көшесінде, нақтырақ айтқанда Пионер көшесіне дейінгі учаскеде және Жұмысшы кентіндегі Космонавт көшесі, 79/1 мекенжайында шөп, сабан, астық қалдықтары мен кебек сынды қажетті дүниелерді сатып алуға болады. Сауда таңғы 9-да басталып, түскі 2-ге дейін жалғасады. Баршаңызды жәрмеңкеге шақырамыз!

Улан Ыдырыс