Облыстық ПД гарнизонының жеке құрамы қысқы киім үлгісіне көшуіне байланысты саптық байқау өтті. Дәстүрлі шараның басты оқиғасы – әртүрлі бөлімшелерден келген 30 жас маманның ант қабылдауы. Олар әріптестерінің алдында салтанатты жағдайда халық пен мемлекетке адал қызмет етуге серт етті.
Артынша департамент бастығы Руслан Назаров жеке құрамның қысқы кезеңде қызмет атқаруға дайындығын, нысанды киімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін және жарғы ережелерін білу деңгейін тексерді.
РУСЛАН НАЗАРОВ, СҚО ПД бастығы:
– “Біздің ортақ міндетіміз – өңір тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті нығайту және халықтың полицияға деген сенімін арттыру. Бірлескен жұмыс, жоғары тәртіп пен қызметке жауапкершілікпен қараудың арқасында алдымызға қойылған міндеттерді лайықты орындай алатынымызға сенімдімін”.
Саптық байқау жеке құрамның оркестр сүйемелдеуімен салтанатты маршпен өтуімен аяқталды. Іс-шарадан кейін қызметкерлер қызметтік міндеттерін орындауға кірісті.
Байболат Култанов