Теріскейлік қайсар қыз Ақтауда атой салды. 17-18 қазан күндері дзюдодан Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған ашық Азия кубогі өтті. Дүбірлі додаға жеті мемлекеттен келген 200-ге жуық спортшы қатысты. Жарыста ел намысын жерлесіміз Назгүл Маратова қорғады. Ол 78 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Аталған категорияда қатысушылардың саны аз болды. Сондықтан теріскейлік бұрымды жарысты жартылай финалдан бастады. Бұл кезеңде ол тағы бір қазақстандық спортшыдан басым түсті. Ал ақтық сында әзербайжандықты ұтты. Назгүл қос қарсыласын да айқын басымдықпен жеңді. Айта кетейік, халықаралық турнир осымен 8-ші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Чемпион осы жеңісінің арқасында рейтингілік ұпайларға ие болды.
Нурасыл Ахмет