Қазақстан халқы – мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы және Егемендік иесі. Еліміздің су жаңа Конституциясын ашып, 4-бапқа зер салсақ, осыған көзіміз түседі. Бірауыз сөздің астарында зор мән жатыр. Республиканың азаматы жергілікті атқарушы органдарға кез-келген уақытта жүгіне алады. Толғандырған мәселелерді шешуге қоғамдық кеңес те көмектеседі. Бұл бірлестікке мүшелік ететін жандар облысты, қала мен ауылдарды дамуы ісіне де араласады.
АЛЕКСАНДР ЗЕЛЬ, қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі:
– “Конституция азаматтарға ел басқару ісіне қатысуға мүмкіндік береді. Әр азамат сайлау мен референдумдар арқылы өз таңдауын жасай алады. Алайда, азаматтық белсенділік тек дауыс берумен шектелмеуі керек. Тұрғындар өз пікірін білдіріп, мәселелерді шешуге ұсыныстарын айтып, тұрғылықты жерлерін дамытуға үлес қоса алады. Мықты мемлекет белсенді азаматтардан басталады дегім келеді”.
Жансая Дербисова