Өткен сенбі күні жергілікті футболшылар мен жанкүйерлер Көкшетаудан көңілсіз қайтты. Петропавлдық “Қызылжар” сырт алаңда “Оқжетпес” клубына есе жіберді. Матчтағы жалғыз голды 60-шы минутта Владислав Васильев соқты. Айып алаңының сыртынан шірене тартқан жартылайқорғаушының добын қақпашымыз қайтара алмады. Кезекті жеңілістен кейін солтүстікқазақстандық ұжым турнирлік кестеде 12-ші сатыға сырғыды. Қауіп аймағы таяқ тастам жерде тұр. Егер “Қызылжар” біріншіліктегі қалған 2 кездесуде ұтылса, Бірінші лигаға түсіп қалуы әбден мүмкін. Ендігі ойын қазанның 24-і күні Қарасай стадионында өтеді. Жерлестеріміз алқашқы айналымда 1 де 0 есебімен жеңілген “Ұлытау” командасын қабылдайды.
Нурасыл Ахмет