СҚО әкімдігі

Солтүстік Қазақстан облысында Республика күніне орай «Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акциялары өтеді

Республика күнін мерекелеу қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысында «Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акциялары өтеді. Олар 2026 жылдың 17 қазанында басталып, 27 қазанды қоса алғанда жалғасады. Осы акциялар аясында сатып алушыларға жеңілдетілген бағамен тауарлардың кең ассортименті ұсынылады.

Мерекелік ұсыныстардың ең қанық кезеңі 21–27 қазан аралығында күтіледі. Дәл осы күндерге акциялық бағдарламалардың, арнайы баға ұсыныстары мен мерекелік сауда-саттықтардың негізгі бөлігі келеді. Сатып алушылар азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды тиімді шарттармен сатып алу мүмкіндігіне ие болады.

Жалпы республикалық науқанның бастамашылары Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар болды.

Акциялардың өткізілуі ұлттық мерекеге орайластырылған және қажетті тауарларды халық үшін қолжетімді етуге, сатып алушылық сұранысты қолдауға әрі ішкі саудаға қосымша серпін беруге бағытталған. Отандық өндірушілердің өнімін өткізу мүмкіндіктерін кеңейтуге ерекше назар аударылады.

Облыс аумағындағы «Republic Day» және «Bereke Fest» акцияларына қатысатын сауда нысандарының толық тізімі мен олардың орналасқан мекенжайларымен төменде танысуға болады.

 

“Republic Day” акциясына қатысатын сауда объектілерінің тізбесі

1СҚОТРЦDostyq MallПетропавл қ.
М. Жұмабаева 91
2СҚОТРЦCity MallПетропавл қ. Ш.Уалиханова 56
3СҚОТЦРахметПетропавл қ.

К. Сутюшева 58Б

4СҚОТДПирамидаПетропавл қ. Батыр Баян 11/1
5СҚОТДАйсбергПетропавл қ. Жамбыла 190
6СҚОТДСоколПетропавл қ. Н.Назрбаева 115
7СҚОТДТехнодомПетропавл қ.

К. Сутюшева 58Б

8СҚОТДСулпакПетропавл қ. Ш.Уалиханова 31
9СҚОТДМечтаПетропавл қ. Жамбыла 59Б
10СҚОТДДНСПетропавл қ. Сутюшева 60

“Bereke Fest“ акциясына қатысатын сауда объектілерінің тізбесі

1СҚОТССемейныйПетропавл қ., М. Жумабаева 138
2СҚОТССемейныйПетропавл қ. Н.  Назарбаева 252
3СҚОТССемейныйПетропавл қ., Конституции 13
4СҚОТССемейныйПетропавл қ., Назарбаева 339/Б
5СҚОТССемейныйПетропавл қ., Кизатова 3Е
6СҚОТССемейныйСергеевка қ., Победы 15
7СҚОТССемейныйМамлютка қ., Победы 64
8СҚОТССемейныйТайынша қ., Конституции 111
9СҚОТССемейныйНовоишимское ауылы, Локомотивная 6А
10СҚОТССеверныйПетропавл қ., Н.Назарбаева 201
11СҚОТССеверныйПетропавл қ., К.Сутюшева 58Б
12СҚОТССеверныйПетропавл қ., Дусухамбетова 17в
13СҚОТССеверныйПетропавл қ., Жамбыла 179
14СҚОТСАймерПетропавл қ., М.Жумабаева 91
15СҚОТСАймерПетропавл қ., Конституции 74
16СҚОСупермаркетАйсбергПетропавл қ., Жамбыла 190
17СҚОСупермаркетПирамидаПетропавл қ.

Батыр Баян 11/1