Қоғам

СҚО-да қайырымдылық бағытындағы жұмыстарды дамыту мәселелері талқыланды

Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапармен Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев келді. Ол өңірдегі волонтерлер қозғалысының мүшелерімен кездесіп, қызметімен танысты. Сонымен қатар, еріктілердің әлеуетін арттыру, қайырымдылық бағытындағы жұмыстарды жандандыру және өзара тәжірибе алмасу мақсатында арнайы форум ұйымдастырылды.

МАҚСАТБЕК ҚАЙЫРҒАЛИЕВ, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры:
– “”Зекет” қоры еріктілермен көп жұмыс атқаруда. Бүгінде «Ел үлесі-пәтерге», «Өмірге үміт сыйла», «Тайқазан» секілді маңызды жобалар әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтарға көмек көрсетуде”.

ҚАСЫМХАН АБДУЛЛАҰЛЫ, СҚО бойынша «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілі:
– Былтыр өңірде қайырымдылық бағытында жалпы сомасы 62 млн теңгені құрайтын көмек көрсетілген. Бұл – өңірдегі игі істердің ауқымын және мұқтаж жандарға қолдау көрсету жолындағы жүйелі жұмыстың нәтижесін айқындайтын көрсеткіш”.

Байболат Култанов