АРУЖАН СҰЛТАНОВА, тілші:
– “Бүгін Петропавлда тартысты волейбол матчы. Алаңда “Қуаныш” пен “Ертіс” клубтарының қыздары ойнауда. Павлодарлық арулар жеңіске жеткісі келеді. Жергілікті спортшылар да жанкүйерлерді қуантуға ниетті. Бағалы ұпайлар қандай ұжымға бұйырады? Сәлден соң білеміз”.
Ойында “Қуаныш” қыздарының белсенділігі бірден байқалды. Қорғаныста сәтті қорғанған, шабуылды үйлесімді ұйымдастырған арулар ұпайды қайта-қайта еншіледі. Жойқын соққыларға таңқалуға да, қызыға қарауға да болады.
Алғашқы партияда алаң иелері басымдық танытып, есепте алға шықты. Алайда, екінші кезеңде “Ертіс” ойыншылары қарқынды күшейтті. Нәтижесінде таразы басы теңесті. Мұндай сәтте жанкүйерлердің қолдауы керек. Ал көрермендер “Қуаныш” қыздарын барынша қолдап жатты.
Жанкүйерлердің қолдауы, жаттықтырушылардың ақыл-кеңесі, спортшылардың салқынқандылығы мен тәжірибесі жеңіске әкелді. Петропавлдық волейболшылар алдағы 2 партияда жеңіске жетті. Қорытынды есеп – 3 те 1. Осылайша “Қуаныш” клубы маңызды 3 ұпайға қол созды.
РАБИЯ СЕРІК, “Ертіс” ВК ойыншысы, Павлодар қаласы:
– “”Ертіс” командасы атынан ойнауды осы жылы бастадым. Бұл – 2-ші турымыз. Өкінішке қарай, бүгін алаң иелері 3:1 есебімен жеңіске жетті. Бірақ біз мұңаймаймыз. Біз осы ойынға көп дайындалдық. Өзіміздің техникалық қателіктерімізді минимумға жеткізіп, эмоция жағынан жігерленіп, ертеңгі күнге дайындаламыз”.
Бүгін “Қуаныш” пен “Ертіс” клубтары арасында қарымта ойын өтеді.
Аружан Султанова