Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыстық мәслихаттың VIII шақырылымының депутаттарына құрмет көрсетілді

 

БАЙБОЛАТ БЕКТЕМІРҰЛЫ, тілші:
– “Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты. Тиісті Жарлыққа Мемлекет басшысы 12 қазанда қол қойды. Осыған орай Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының VIII шақырылымындағы депутаттары облыстық әкімдікке жиналды. Мұнда елдің жүгін арқалаған халық қалаулыларына құрмет көрсетілетін болады. Алқалы басқосудың шымылдығын өңір жетекшісі Ғауез Нұрмұхамбетов ашты. Аймақ басшысы саяси құрылымның белсенділігін, ел өміріндегі және алға басу жолындағы орнын ерекше бағалап өтті”.

 

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
– “Ең алдымен, облыстық бюджетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстарыңызды атап өткім келеді. Бюджет мүмкіндіктерінің шектеулі екенін, ал шешімін табуды қажет ететін мәселелердің әрдайым көп болатынын жақсы білесіздер. Қаражатты қарау және бекіту кезінде басым тұстарды дұрыс айқындау, аудандар мен елді мекендердің қажеттіліктерін ескеру, қаржының тиімді жұмсалуын бақылауды қамтамасыз ету маңызды. Депутаттар осы жұмысқа белсенді қатысып, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, ауылдық аумақтарды өркендету, коммуналдық және басқа да мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар енгізді. Өзара ынтымақтастығымызға да ерекше тоқталғым келеді”.

 

БАЙБОЛАТ БЕКТЕМІРҰЛЫ, тілші:
– “Депутат мандатын иелену жай ғана іс емес. Бұл – зор жауапкершілік. Халық қалаулысы – бұқара мен билік арасындағы берік көпір. Өзекті мәселерді шешуге бірден-бір араласушы жандар деуге болады. Кездесуде осы жайлы айтыла келе депутаттарға марапат табысталды”.

 

БАЙБОЛАТ БЕКТЕМІРҰЛЫ, тілші:
– “Облыс әкімінің қолы қойылған Құрмет грамотасы – елдің зор алғысы. Қошеметке бөленген жандар – әр саланың белді өкілдері. Сөздері өтімді, тереңнен ойлап, өздерінің ұстанымдарын білдіріп, дәлелдеп жүрген жерлестеріміз”.

 

ЕРБАҚЫТ АМАНТАЙ, СҚО мәслихаты VIII шақырылымының депутаты:
– “Халықпен кездесулер өтті. Өзекті мәселелер болды. Соларды шешуде мәслихат маңызды рөл атқарды”.

 

БАЙБОЛАТ БЕКТЕМІРҰЛЫ, тілші:
– “Құрметке бөленген облыстық мәслихаттың VIII шақырылымындағы депутаттары жұмыс кезеңінде 40 сессия өткізіп, 463 шешім қабылдаған. Оның ішінде 93 нормативтік-құқықтық акт бар. Қорытындылай кетсек, Президент Жарлығына дейін аймақта кеудесіне халық қалаулысы белгісін таққан 190-астам азамат-азаматша болды. Олардың 30-ы облыстық мәлихатқа мүшелік етті”.

Байболат Култанов