Солтүстік Қазақстан облысында кезектен тыс мәслихат депутаттарын сайлауға дайындық басталды. Науқан қарашаның 29-ы күні өтеді. Барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру және өткізу мәселелері облыстық сайлау комиссиясында өткен жиында қаралды. Отырыс барысында саяси науқанның күнтізбелік жоспары мен сайлау комиссиясының мүшелерін оқыту кестесі бекітілді. Сондай-ақ, сайлау процесі кезіндегі комиссия мүшелерінің жұмыс тәртібі мен қажетті сайлау құжаттамасын әзірлеу жайы сарапталды.
Жаннур Бектурганова