Қоғам

Петропавл аспанындағы ерекше құбылыс: Ғалымның болжамы

Кеше кешкі 22:00 шамасында Петропавлда орын алған мына көрініс желілерде желдей есті. Аспанда зымырап бара жатқан жарық жарқылын қала тұрғындары видеоға түсіріп алған. Физика және астрономия саласында 40 жылдан астам тәжірибесі бар Андрей Солодовник бейнежазбаны көріпті. Ерекше құбылысқа қатысты қос болжамын айтты.

АНДРЕЙ СОЛОДОВНИК, М.Қозыбаев атындағы СҚУ “Физика” кафедрасының профессоры:
– “Құбылыс 10-15 секундқа созылды. Бұл Күн жүйесінің түкпірінен келген дене болуы мүмкін. Оны болид деп атаймыз. Екінші нұсқа – адам қолымен жасалған ғарыш нысаны, яғни, жасанды серік. Егер шынымен соңғы пайымдауым дұрыс болса, онда ғарышта жұмыс істеп тұрған спутниктердің бірі істен шыққан. Мұндай жағдай облыста бұрын-соңды болмаған”.

Нурасыл Ахмет