Бостандық көшесіндегі көлік қоятын орын аумағы үш жылдан бері қоқыстан арылмаған. Бұны байқаған қоғам белсендісі Мәлік Шигабутдинов қалалық әкімдікке жүгінеді. Мамандар өз кезегінде қалалық полиция басқармасына хабарласады. Мәселенің мән-жайы анықталды. Үш жыл бойы есігі ашылмаған гараждың иесі шетелден табылған.
МӘЛІК ШИГАБУТДИНОВ – қоғам белсендісі
– Нысан мемлекеттік жер учаскесінде орналасқан. Оның аумағында қалыптасқан көрініс “Таза Қазақстан” бағдарламасына кереғар. Өйткені, соңға уақытта айналасына таудай қоқыс үйілетін болды. Гараждың өзін ешкім пайдаланбайды.
ҚАНАТ ЖҰМАБАЕВ – қалалық ПБ бөлім бастығының орынбасары:
Полицейлер гараж иелеріне меншіктерінің заңды түрде орнатылғанын тексеру қажеттігін ескертеді. Айта кету керек, заңсыз қойылған гаражды алып тастау жұмысы «Таза Қазақстан» акциясы аясында да жүргізіледі. Жалпы, жыл басынан бері облыста абаттандыру ережелерін бұзудың 12 жарым мыңнан астам дерегі анықталды.
Данаш Хамза