Қоғам

Дениэл Эдилов: “Еріктілердің құқықтық мәртебесі күшейді”

Биыл еріктілік қызмет пен қайырымдылықты қолдау нормасы алғаш рет конституциялық деңгейде бекітілді. Бұл жайлы Ата заңымыздағы 31-ші баптың 2-ші тармағында тайға таңба басқандай жазылған. Енгізілген жаңашылдық волонтерлердің құқықтық мәртебесін күшейтіп, олардың қоғамдағы рөлін айқындай түскен. Бұл – ерікті Дениэл Эдиловтің пікірі. Жалынды жастың волонтерлікпен айналысып жүргеніне 5 жылға жуықтапты.

ДЕНИЭЛ ЭДИЛОВ, ерікті:
– “Отандастар” атты бастамашыл тобымыз бар. Достарыммен бірге көмекке мұқтаж зейнеткерлерге көмек көрсетеміз. Экологиялық акциялардан қалмаймыз. Волонтерлік қызметтің Конституцияға енгізілуі тұрғындарды есепсіз қолдап жүрген жандарға құрмет деп санаймын”.

Нурасыл Ахмет