Қала тұрғындары мен қонақтарының назарына! Петропавлда Беларусь аяқ киімдері мен Иваново тоқыма бұйымдарының жәрмеңкесі өтуде. Бұл жолы келушілерге керемет жеңілдіктер ұсынылып отыр. Сауда орнында жазғы аяқ киім – 10 мың, ал қысқы үлгілер 25 мың теңгеден сатылуда. Сонымен қатар, тұрғындарды түрлі сыйлықтар күтеді. Дәлірек айтсақ, 35 мың теңгеден жоғары сауда жасаған жандар 100 мың теңге ұтып алуға мүмкіндік бар.
ПЁТР КОВАЛЁВ, қала тұрғыны:
– “Тауардың сапасы жақсы деп ойлаймын. Бағасы түрік аяқ киімдерімен салыстырғанда сәл арзанырақ. Жүргенде де жеңіл екен. Өзіме қысқы аяқ киімнің 2 данасын аламын деп отырмын”.
Әр келуші талғамына сай аяқ киім таба алады. Етіктер бұзау терісінен тігілген. Қысқы үлгідегі тауарлардың табаны тайғанамайды. Егер тұрғындар бір аяқ киім сатып алса, оған шұлық тегін беріледі. Екі данасын алғандар өзіне ұнаған көрпе немесе жастықты таңдап алады.
СВЕТЛАНА ОСПАНОВА, қала тұрғыны:
– “Таңдау көп, барлық өлшем бар. Киіп көрдім, өте ыңғайлы. Мен мұнда бірінші рет келіп отырған жоқпын. Бұған дейін 3 етік сатып алғам. Біреуін жақыныма сыйға тарттым. Еш шағым болған емес”.
Жәрмеңке қаладағы Партизан көшесі, 101 мекенжайындағы «Автомаркет» ғимаратында орналасқан. Сауда 10:00-де басталып, 19:00-ге дейін жалғасады. Ал демалыс күндері 18:00-де аяқталады.
Сандугаш Кайырбек