Қоғам

СҚО-да ауылішілік жолдарды жөндеу бойынша жасалған жобалар қаржыландырусыз қалған

Тозығы жеткен су құбырлары, жөндеуді қажет ететін жолдар мен медициналық көмектің қолжетімділігі. Есіл және Айыртау аудандарының тұрғындары «Әділет» партиясының республикалық мобильді қоғамдық қабылдауы барысында осы мәселелерді көтерді. Бір күнде мамандарға 50-ден астам адам жүгінді. Явленка ауылының тұрғындарын алаңдатқан мәселелердің бірі – үйлерді жаңа су құбыры желілеріне қосу. Ескісі 60-жылдары тартылған, әбден тозыпты. Жиі болатын апаттардың салдарынан ауылдағы ағайын 1-2 апта бойы тіршілік көзінсіз қалған кездер болған. Ауыл жолдарының жай-күйіне қатысты да шағым аз емес. Мәселен, Корнеевка ауылындағы Индустриальная және Целинная көшелеріндегі 3 шақырымдық жол жөнделуі керек болған. Жобалық-сметалық құжаттама 2024 жылы әзірленіпті. Бірақ, жоба әлі қаржыландырылмаған. Айыртау ауданындағы Лобаново мен Шалқар ауылдарында да дәл осындай жағдай.

ҚАЛИЯ ТӨРЕНОВА, «Әділет» партиясы СҚОФ төрайымы:
– «Біз тұрғындармен міндетті түрде кері байланыс орнатамыз, қолдан келгенше көмек көрсетеміз. Құр уәде беруден аулақпыз. Кейбір мәселелерді жергілікті деңгейде шешуге болады. Мысалы, жеке тұрғын үйге су тарту сияқты. Ал жол мәселесін шешу үшін жауапты басқармаларға жүгінеміз. Мәселенің анық-қанығын анықтаймыз.

Нурасыл Ахмет