Әлеуметтік көмек, жерді өз атына түсіру, тұрғын үй мәселесі және өз құқықтарын қорғау. Облыста прокуратура қызметкерлері кезекті рет “Құқықтық дәріхана” акциясын өткізді. Шараға 120 адам келді. Қадағалау органының өкілдері қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіріп қана қоймай, мәселені шешу жолдарын көрсетті. Мәселен, акция барысында мамандарға ер адам жергілікті әкімдік өкілдері мемлекеттік қызметті дұрыс көрсетпегенін жеткізді. Өтініш берушіге қабылданған шешімге шағымдану тәртібі түсіндірілді, мәселе бақылауға алынды, қажетті шаралар қабылданды. Нәтижесінде азаматтың құқығы қалпына келтірілді. “Құқықтық дәріхана” акциясы халықтың құқығын қорғап, толғандырған мәселелерін шешуге арналған алаңға айналып отыр. Жыл басынан бері акция аясында 3500-ге жуық теріскейлік көмек алған.
Нурасыл Ахмет