Жаңа Конституцияда «Заң мен тәртіп» қағидаты көрініс тапқан. Бұл жайлы жиындарда жиі айтылады. Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысында аталған бағытта жастармен арнайы кездесулер өткізіліп, азаматтардың құқықтары түсіндіріледі. Жиындар Қозыбаев университетінде жиі өтеді. Басқосуларда студенттердің құқықтық мәдениетін қалыптастырумен қатар, жаңа технологияларды меңгеруіне де көңіл бөлінеді.
АСАНАЛИ ЖАНАТҰЛЫ, Қозыбаев университеті студенттік үкіметінің президенті:
– “Қозыбаев университетінде AI-Sana жобасы жүзеге асырылып жатыр. Жастардың жасанды интеллект пен жаңа технологияларды меңгеруі – бүгінгі заман талабы. Қазір студенттеріміздің көбі осы бағытта білім алып, өз мүмкіндіктерін жетілдіріп жатыр”.
Жансая Дербисова